
Солтүстікқазақстандық полиция ардагерлері бильярд үстелінде бас қосты. СҚО ПД және ҚР Ұлттық ұланының ардагерлер кеңесі «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының облыстық филиалымен бірлесіп Винокуров спорт сарайының қолдауымен турнир өткізді.
Бұрын жедел уәкіл, тергеуші, учаскелік инспектор, криминалист және полиция да бөліністерінде қызмет атқарған зейнеткерлер әрқашан әріптестерінің назарында. Олар әлі де белсенді қызметтерін жалғастырып келеді, жас қызметкерлемен болатын кездесулерге қатысып, бай тәжірибесімен бөліседі, спорттық жарыстарға қатысып тұрады.
Биылғы жарысқа 10 ардагер қатысты, олардың қатарында осындай бильярд турнирлерінің алты дүркін чемпионы Нұрғали Оразалинов та бар. Бұл жолы оның қарсыластары жақсы дайындалып келіпті. Бірінші орынды Асқар Қайыржанов, екінші және үшінші орынды Талғат Туғанбаев пен Бауыржан Бисарин иеленді.
Кездеспегендеріне біраз уақыт болған ардагерлер қызмет атқарған жылдарын еске алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Динамо» дене шынықтыру-спорт қауымдастығынан сыйлықтар алды. Турнир жуырда мерекеленген Республика күніне арналды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia