Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Терроризмге қарсы орталықтың қызметкерлері ғибадат орындарының өкілдерімен семинар өткізді

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және Терроризмге қарсы орталықтың қызметкерлері ғибадат орындарының өкілдерімен семинар өткізді

Үстіміздегі жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің №284-НК бұйрығымен «Діни қызмет саласында жұмыс істейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің (ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» бектілді.

Қазіргі уақытта террористік тұрғыдан осал объектілердің аумақтық тізіміне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға және ұжымдық діни міндеттерді орындауға арналған 6 ғибадат орындары енгізілді.

Ғибадат орындары мен құрылыстарының жетекшілерімен (имамдар, діни қызметшілер) кездесу барысында терроризмге қарсы қорғалуды жетілдіру бойынша нұсқамалық берілді, сезікті заттарды табу кездерінде және террористік қатердің өзге де жайттарында іс-әрекет ету алгоритмі толықтай қаралды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia