
Мамлют ауданының полиция бөліміне екі қоңырау келіп түсті: 33 жастағы ер адамнан және оның жанындағы көрші тұратын әйелден. Екеуі де бір-бірін былапыт сөздер айтты деп кінәлаған. Шақыртуға келген полицейлер ер адамның бойында мастықтың белгілері бар екеніне көз жеткізген соң оны медициналық куәландыруға алып кетті. Ауыл тұрғыны қызметтік көліктің ішінде өзін дөрекі ұстап, жүріп келе жатқан көліктің есігін қайта-қайта ашпақ болған. Осылайша жүргізушіге кедергі келтірген. Бағынбау үшін көзделген жауапкершілік туралы ескертуді елемей, ашуын көрсетуді тоқтатпаған. Тәртіп сақшылары оның қолдарына кісен салуға мәжбүр болды. Куәландыру нәтижесі оның мас екенін көрсетті.
«Полиция қызметкерін шақыртуға алып келген жанжал татуласумен аяқталды. Бірақ құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау фактісі бойынша ауыл тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы бойынша материал жиналды, - дейді аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе мұндай фактілер спирттік ішімдіктерді ішумен байланысты».
Жиналған материал сотқа жіберіледі. ҚР ӘҚБтК 667-бабына сәйкес ер адамға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуынуы немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia