
6 күн бойы Солтүстік Қазақстан полицейлері "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы режимінде жұмыс істеді. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, 57 мобильдік топтың құрамында өңірдің табиғатын тонауға қарсы бағытталған рейдтер жүргізді.
Көбінесе аң аулау ережелерін бұзу фактілері анықталды. Жиналған және оқталған қаруды тасымалдау, алкогольді тұтыну - жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін қатаң тыйым салынады. Іс-шара барысында аңшылар тарапынан барлығы 52 құқық бұзушылық анықталды.
"Сондай — ақ, ЖПІШ шеңберінде тіркелген қаруды сақтау ережелерінің сақталуына тексеру жүргізілді", - деп толықтырды СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Асхат Қожабаев. — Иесі аңшылықтан оралып, мылтықты тастап, оны бірден сейфке салуды ұмытып кететін жағдайлар бар. Осы уақыт ішінде қару бөгде адамдарға қол жетімді, ұрлануы және қылмыс үшін пайдаланылуы мүмкін. Кейде бөгде заттар: ақша, құндылықтар сейфте қару-жарақ пен оқ-дәрілермен бірге сақталады. Бұған да тыйым салынған. ЖПІШ кезінде осындай 7 факт анықталды".
Сондай-ақ, облыстың төрт тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді. Мысалы, Қызылжар ауданының 48 жастағы тұрғыны төсегінің астында 16 калибрлі ТОЗ-Б мылтығын сақтап жүрген. Ал Айыртау ауданынан келген 54 жастағы ауыл тұрғынында 12 калибрлі ИЖ мылтығы сарайда жатқан. Осы фактілер бойынша әкімшілік сотқа берілетін материалдар жиналды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia