Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

Дарынды балаларды қолдау, отбасына, өз еліне деген сүйіспеншілікке баулу, құқық бұзушылыққа қарсы дүниетанымды нығайту, полицейдің позитивті образын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың офицер мамандығына деген қызығушылығын арттыру мақсатында 2023 жылғы 25 қазан мен 25 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Менің полициям» республикалық байқауын өткізеді.

Өтінімдер мен байқау жұмыстары 2023 жылғы 25 қарашаға дейін қабылданады. Жұмыстарды Полиция департаменті баспасөз қызметінің uvd_sko@mail.kz электрондық поштасына немесе 87084321102 (WhatsApp) нөміріне жіберу қажет. Байқауға Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде білім алып жүрген 9 бен 15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Келесі тақырыптар бойынша жұмыстар қабылданады:
«Менің әкем – полицей!»;
«Полиция – қауіпсіздік пен тәртіптің тірегі!»;
«Бейбіт күннің батырлары»;
«Есірткіге жол жоқ!»;
«Мектептегі қауіпсіздік»;
«Бала – басты жолаушы».

Байқау номинациялары:
Үздік эссе (100-150 сөз);
Үздік «Тикток»;
Үздік бейнеролик/vine (2-3 минут).

Байқауға өтінімді сілтеме арқылы жүктеп алуға болады:
https://disk.yandex.kz/d/mg_pMywtrCD1IQ

Байқаудың үздік жұмыстары ҚР Ішкі істер министрлігіне жолданады және ведомстволық БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланады.


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia