Зейнеткер мерекелік концерт үшін СҚО полицейлеріне әсерлі сыйлық сыйлады

Зейнеткер мерекелік концерт үшін СҚО полицейлеріне әсерлі сыйлық сыйлады

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәдени орталығы салтанатты іс-шаралардан басқа солтүстікқазақстандықтардың алдында өнерін жиі көрсетеді.

Қарттарды қолдау айлығы аясында және республика күні қарсаңында погондағы әртістер Смирново ауылындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын зейнеткерлерге арнап концерт ұйымдастырды. Концерттік бағдарламада ретро стиліндегі композициялар, заманауи қазақстандық эстрада өлеңдері мен патриоттық әндер шырқалды. Қарт адамдар полицейлерге — вокалистер мен музыканттарға — жарқын қойылымдары үшін риза болды. Орталықтың директоры Андрей Сембаев тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, зейнеткерлерге сыйлықтар дайындаған кәсіпкерге алғыс хатын жолдады.

Кездесудің әсерлі сәті Орталықтың қызмет алушыларының бірі Сергей Крокиннің сыйы болды. Аязды күнде қолының бармақтарынан айырылған зейнеткер бейнелеу өнерімен айналысады. Мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін ол өзінің суреттерінің бірін полицейлерге сыйлады.

"Мәдени орталық әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында тұратын ата — әжелер үшін қайырымдылық концерттерін үнемі өткізіп тұрады, - дейді Қазақстан Республикасының "Мәдениет қайраткері" СҚО ПД мәдени орталығының басшысы Дидар Малаев. "Полиция қызметкерлері әрдайым зейнеткерлерге, әсіресе жалғызбасты адамдарға қамқорлық жасайды, оларды әр түрлі іс — шаралар аясында мүмкіндігінше қолдайды, өйткені қарт адамдарға құрмет көрсету - бұл әр адамның борышы".

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia