СҚО полицейлері мереке қарсанында сенбілікті өткізді

СҚО полицейлері мереке қарсанында сенбілікті өткізді

Солтүстік Қазақстан полицейлері кезекті сенбілікке қатысты. Республика күні қарсаңында тәптіп тәртіп сақшылары қызмет атқаратын әкімшілік ғимараттар маңындағы аумақтарды ретке келтірді.

Құлаған жапырақтар, құрғақ шөп, қоқыс — бір сағатқа облыстық, қалалық және аудандық бөлімшелердің қызметкерлері таза ауаға шығып, аумақты бір адамдай тәртіпке келтірді. Ашық аспан астындағы бірлескен жұмыс денсаулыққа пайдалы ғана емес, сонымен бірге жағымды эмоциялар мен керемет көңіл күй сыйлап, ұжымды жақындастыра түседі.

"Жеке құрам күшімен әкімшілік полиция ғимараттарының маңындағы аумақтарды жинау бойынша ұйымдастырылған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде", — деп атап өтті СҚО полиция департаменті тылдағы қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция майоры Асхат Жұмартов. - Полиция қызметкерлері әкімшілік ғимараттарының, оның ішінде учаскелік пункттердің, бекеттердің, гараждардың маңын үнемі таза ұстайды. Тек өзіміздің жеке мысалмен ғана абаттандыру мен тазалық ережелерін сақтау жалпы және маңызды мәселе екенін көрсетуге болады".


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia