
Республика күнін мерекелеу аясында СҚО ПД-да алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтары үшін заңгерлердің тегін консультациясы өтті.
Тәуелсіз Республикалық заң консультанттары палатасының мүшелері әр түрлі ұйымдарда қарт адамдармен, мүмкіндігі шектеулі жандармен, жетім балалармен үнемі кездеседі. Олар полиция департаментінің мұражайында кеңес өткізуді ұсынды, онда ұлттық мереке қарсаңында облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен Тайынша ауданынан зейнеткерлер экскурсияға келген болатын.
Солтүстік Қазақстан полициясының тарихы туралы қызықты әңгіме ауыл тұрғындары үшін жағымды тосынсыймен толықтырылды — олар тәжірибелі заң білгірлеріне сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды. Зейнеткерлерді отбасы құқығының қыр-сыры, өсиет жасау, нотариусқа жүгіну тәртібі қызықтырды. Оларға консультанттар палатасының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Евгений Кинцель және палата мүшесі Павел Трусов жауап берді – айта кетерлік жайт, Трусов тергеуде 15 жыл жұмыс істеген бұрынғы ІІО қызметкері.
"Полиция департаменті мұражайының қабырғасында адамдарға көмектесуге және халықтың құқықтық санасын арттыруға бағытталған іс — шараны өткізу билік органдарының халықпен тығыз байланысын баса көрсете отырып, ұлттық мереке рухымен символдық үндеседі", - деп есептейді СҚО ПД музейінің меңгерушісі отставкадағы милиция подполковнигі Любовь Осинская.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia