
18 қазан күні сағат 22:30 шамасында Петропавл қ. полиция басқармасының "102" пультіне Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінің жанындағы суда жағаға шыға алмай жатқан әйел туралы қоңырау келіп түсті. Бұл кездейсоқ құлау болды ма деген сұраққа жауап беруге, қоңырау шалушы жауап беруге қиналды. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының жақын маңдағы экипаждары жіберілді, ТЖ қызметкерлері мен "Жедел жәрдем" шақырылды. Судан қараңғыда әйел адамның айқайы естілді. Полицейлердің бірі, Петропавл қ. ППБ қызметінің инспекторы Олег Головин суық күнге өзенге кіріп кетті.
"Әйелді табу оңайға соққан жоқ", - дейді ол. — Ол қараңғыда бағытты жоғалтып, жағадан алыстап, қамыс баурайында қалып қойған шығар. Жағадағы және көпірдегі қызметкерлер мен қала тұрғындары мені бағдарлап отырды. Шамның жарығын көрген әйелдің өзі маған қарай жүруге тырысты, бірақ орнынан қозғала алмады".
Мұзды суда денсаулығына қауіп төндірген полиция қызметкері қала тұрғынын қамыстың тұтқынынан босатып, оны жағаға алып шықты. Келіп жеткен "Жедел жәрдем" арбасы тоңып қалған 32 жастағы Петропавл тұрғынын медициналық мекемеге жеткізді. Полиция кіші лейтенанты Головин киімін ауыстырып, қызмет өткеруін жалғастырды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia