
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты ағымдағы жылдың 13 мамырынан бастап СҚО ПД Көші-қон қызметі орталығы / Жамбыл көшесі, 71А / кестеге сәйкес шетелдіктер мен оларды қабылдаушы адамдарды қабылдай бастады:
- Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау, шығу және қалпына келтіру мәселелері бойынша 09.00-ден 13.00-ге дейін;
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу мәселелері бойынша 14.30-дан 18.30-ға дейін.
СҚО коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі Жедел штабтың шешімі негізінде 18 мамырдан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды қабылдай бастайды, онда «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорт, жеке куәлік беру» мемлекеттік қызметін алуға болады.
Азаматтарды қабылдау тек санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Өзіңізде медициналық бетперде болу керек.