
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс істеген полиция қызметкерлері Жамбыл ауданында оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісін анықтады. 61 жастағы ер адам бұрын аңшы болған. 2012 жылы бұл ісін доғарып, 12-ші калибрлі мылтығын полицияға жоюға тапсырған. Алайда өзінде 16 патронды қалдырып, оларды заңсыз сақтап келген. Бұл әрекеті қоғамға қауіпті болуы мүмкін екенін ойламаған. Патрондар оқыс оқиғаға алып келуі не болмаса қылмыскерлердің қолына түсуі мүмкін еді. Аталған фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жиналды.
«16 қазан күні басталған іс-шараның алғашқы күнінде облыста 27 бірлік оқ-дәрі, 1 тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді, - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах. – Сондай-ақ иесіз қалған 270 астам үй, 58 саяжай учаскесі, 132 жалдамалы пәтер, 700 астам есепте тұрған тұлғалар, 68 қолайсыз отбасы және отбасыларында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қорғау ұйғарымы жазылып берілген 97 адам тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді. Бұдан бөлек, жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын анықтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа да бағыттары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia