
Кездесу барысында қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда қарастырылған жауапкершілік, нашақорлық пен интернет-алаяқтықтың қаупі, буллинг және т.б. тақырыптар қозғалды. Сәуле Андағұлова ауыл жастарына бүгінгі заманауи қауіп-қатерлер мен олардан құтылудың жолдары жайлы айтты. Сондай-ақ облыстық полиция бастығының орынбасары жігіттер мен қыздарды полицияда қызмет атқаруға шақырды, зейнетке ерте шығу, тұрақты еңбекақы және т.б. сияқты ішкі істер органдарында қызмет атқарудың артықшылықтары туралы баяндады.
Тәжірибе жастардың құқықтық сауаттылығы төмен екенін көрсетті. Балалар, жасөспірімдер мен жастар заңнаманы, заңнаманы сақтаудың маңыздылығын аса біле қоймайды. Заңды білмеудің салдары қиындыққа апарып соғуы мүмкін. Сондықтан солтүстікқазақстандық полиция басшылығы білім алып жүрген жастармен кездесулер өткізуді күшейтті. Жуырда СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов өңірдегі ірі білім ошағы Kozybayev University студенттерімен және Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті. ПД бастығының орынбасарлары қала мен аудандардағы мектептерде осындай форматта 20-ға тарта кездесу өткізді. Қазір Петропавл қаласы полиция басқармасының және облыстық полиция ведомствосы аппаратындағы басқармалардың басшылығы колледждер мен мектептердің оқушыларымен кезең-кезеңмен кездесу өткізіп жатыр.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia