
Петропавл қаласының тұрғындары үшін мемлекеттік органдармен байланысқа шығудың жаңа ыңғайлы құралы пайда болды. 12 қазаннан бастап танымал Telegram мессенджерінде СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының t.me/sko_narkohelp_bot атауымен жаңа боты өз жұмысын бастады. Бот арқылы есірткі жасырушылар, есірткі граффитиін салушылар, есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкендерге сілтемелер туралы полицияға анонимді түрде хабарлауға болады. «Start» батырмасын басып жаңа хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ осы хабарламаға құқық бұзушылықтың фото және бейнежазбасын қосып жіберу мүмкіндігі бар.
Ботты құруға «Қазақстанның болашағы үшін» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты, «Еуразия» республикалық қоры қаржы бөлді. Жұртшылық өкілдерінің айтуларынша, аталмыш бастама құлақ асатын мемлекет мен азаматтар арасындағы байланысты дамытуға көмектеседі.
«Төрт күнде телеграмм-боттың қолданушылары есірткі жеткізуші курьерлердің жұмысын ұсынатын интернет-ресурстардың екі сілтемесін жіберді. Бұл сілтемелер тексеруге және бұғаттауға жіберілді, - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров. – Осы байланыс механизмі арқылы есірткі қылмысына қарсы күресте мүлік иелері бірлестіктері мен саяжай қоғамдастықтары төрағаларының, мұғалімдердің және қала өміріне бейжай қарамайтын азаматтардың күшін біріктіруге мүмкіндік бермек. Егер адамдар белсенділік танытып, полицейлерге уақтылы жүгінсе, Петропавл қаласының аналитикалық картасын құруға болады. Біз мұнда тіркелген құқық бұзушылықтар деңгейінің көрсеткіштерін көрсетеміз».
Бұдан бөлек, желідегі қолданушылар боттағы менюде психотроптық заттарды қолданудың салдарымен, есірткінің заңсыз айналымы үшін көзделген қылмыстық жауапкершілікпен таныса алады.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia