СҚО-да ювеналдық полицейлер ойын клубтары мен көңіл көтеру орындарындағы түнгі рейдтерді жандандырды

СҚО-да ювеналдық полицейлер ойын клубтары мен көңіл көтеру орындарындағы түнгі рейдтерді жандандырды

Полицейлер жасөпірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды кезең-кезеңмен күшейтпек. Ювеналдық полиция, білім, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімдерінің тәжірибелі қызметкерлері ойын клубтарында, көңіл көтеру орындары мен көшелерде түнгі рейдтік іс-шараларды жандандырды.

Петропавл қаласындағы 5-ші Сенная көшесінде орналасқан үйдегі пәтерлердің бірінде бес баласы мен 38 жастағы аналары тұрып жатыр. Үлкені 17 жаста болса, кішісі 3 жаста. Отбасындағы жағдай – тұрақты. Алайда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы бұл отбасыға жиі келіп тұрады. Кеңестерін айтып, басқа да қажетті көмек көрсетіп тұрады. Отанасымен үнемі байланыста. Қаланың осы ауданында әжесімен және анасымен бірге 16 жасар 9-сыныпта оқитын жасөспірім тұрады. Бұған дейін тәртібі нашар оқушы жақындарын сергелдеңге салып, мемлекеттік органдардың шаралар қабылдауына түрткі болған. Нәтижесінде ер бала Алматы қаласындағы арнайы мектепке түзетуге жіберілді. 12 ай оңтүстік астанада болған жасөспірімнің өмірге деген көзқарасы өзгерді. Жақындарының жылулығы мен махаббатын бағалай бастады. Қазір білімін арттырып, өз-өзін дамытуда. Келешекте нағыз ер азаматқа лайықты мамандықты меңгеруді жоспарлап отыр.

Отбасылардағы қолайлы тұрмыс пен тұрақты жағдай – ювеналдық полицейлердің, білім, қорғаншылық және қамқоршылық бөлімдері қызметкерлерінің тынымсыз жұмысының нәтижесі. Олардың бақылауының және отбасылардағы тұрмысқа бейжай қарамауының арқасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермей, уақтылы жолын кесуге болады.

Полицейлер мекенжайларға ғана барып қоймай, сағат 23-тен кейінгі түнгі рейдтерді қол алды. Олар ойын клубтарына, көңіл көтеру орындарына, аулаларға, жасөспірімдер жиналатын басқа да орындарға да барады.

«Жыл басынан облыста 500-ден астам рейдтік іс-шара жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың үй-жайдан тыс және көңіл көтеру орындарында жүргені үшін 2418 заңды өкіл мен балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сотқа ата-ана құқығынан айыру бойынша 90 материал жолданды, олардың 44-і қанағаттандырылды. Жасөспірімдер түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болғаны үшін олардың 21 иесі, сондай-ақ 21 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатқаны үшін сауда орындарының 42 иесі әкімшілік жауапқа тартылды. Жыл басынан профилактикалық есепке 35 кәмелетке толмаған қойылды», – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында; жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары және түнгі рейдтер тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia