СҚО полицейлері мен құтқарушылары пеш арқылы жылытылатын үйлерді тексеруде

СҚО полицейлері мен құтқарушылары пеш арқылы жылытылатын үйлерді тексеруде

Солтүстік Қазақстан облысына суық ауа райы келгеннен бері полиция мен ТЖД қызметкерлері жеке сектордың үйлері бойынша рейдтерді жүргізе бастады.

Ойқала, Копай, Жұмысшы кенті және Петропавлдың басқа да аудандары – құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен құтқарушылар тұрғындарға пешті жылыту мен электр құрылғыларын пайдалану ережелерінің қауіпсіздігі туралы еске салды. Пештің тазартылмаған түтін мұржасы, ұшқындар мен көміртегі тотығы, ескі сымдар орны толмас апатқа әкеліп соғуы мүмкін. Күлдің алдындағы еден металмен немесе асбестпен жабылуы керек, сонымен қатар құбырды ыстыққа төзімді материалмен оқшаулау қамтамасыз етілуі тиіс. Пешті қараусыз қалдырмаған жөн – бұл кейде тұрмысы қолайсыз отбасылар тұратын үйлерде орын алып жатады.

«Олардың тұрғылықты жеріне баруды учаскелік полиция инспекторлары қолға алды», — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах. — Осылайша, отбасылық тұрмыс саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, заңдылықтың мас күйдегі әр түрлі бұзушылықтарының алдын алу қатар жүргізілді. Полицейлер мен құтқарушылардың бірлескен жұмысы тұрақты негізде жүргізілетін болады».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia