
СҚО-да табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері өңір табиғатына зиян келтіру фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіп тұрады. Сондықтан бағалы Artemia salina шаяндары кездесетін тұзды көлдер үнемі тәртіп сақшыларының басты назарында. Мамлют ауданындағы Меңкесер көлінің жағасында өткізілген кезекті рейд барысында табиғатты қорғау тобының полицейлері Петропавл қаласының 46 жастағы тұрғынын тоқтатты. Одан құм тәрізді зат салынған қап пен торлы дорба тәркіленді. Болжам бойынша бұл биоқосындыларды өндіруде және косметикалық өнеркәсіпте сұранысқа ие Artemia salina шаяндарының жұмыртқалары.
«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптама тағайындалды, - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы полиция майоры Асхат Қожабаев. – Жалпы жыл басынан облыста табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері 863 әкімшілік құқық бұзушылықты, оның ішінде аңшылық ережелерінің – 576, балық аулау ережелерінің – 282 бұзушылығын және заңсыз ағаш кесудің 2 фактісін анықтады. 14 қылмыстық іс қозғалды, оның 9-ы заңсыз аңшылық бойынша».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia