
6 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының полиция бөліміне аудан орталығы Железнодорожная көшесінде тұратын 57 жастағы ер адамның қатысуымен болған отбасылық жанжал туралы хабарлама келіп түседі.
Аталған мекенжай бойынша учаскелік полиция инспекторы шығады. Отбасылық жанжалқойға қатысты материал жинау барысында учаскелік инспекторының жұмысына кенеттен пайда болған көршілес тұратын аудан орталығының 40 жастағы тұрғыны кедергі жасай бастаған. Отбасылық жанжал бойынша шақыруға келген полиция қызметкерінің кедергі жасамау туралы өтініштеріне құлақ аспаған ер адам осылайша құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбаған.
Отбасылық жанжал жасағандығы үшін ұсталған 57 жастағы ер адамды полиция бөліміне жеткізгеннен кейін, учаскелік полиция қызметкері бұған дейін оның қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірген Мамлют қаласы 40 жастағы тұрғынының үйіне оралады. Ер адамнан тілдесіп, хаттама рәсімдеу үшін көшеге шығуын өтінеді. Алайда, учаскелік инспекторын көрген үй иесі жеке үйінің ауласына тұмылдырығы жоқ итін босатып жіберіп, учаскелік полиция инспекторымен сөйлесу үшін үйдің қоршауынан ары шығудан бас тартқан.
Аталған факті бойынша 40 жастағы ауыл тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы колексінің 667-бабының 2-бөлігі "Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау" бойынша материал жиналып, процестік шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жіберілді. Бұл баптың санкциясы он бес тәуліктен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia
https://www.youtube.com/shorts/3G-ddkzdfXM