СҚО полицейлері тұрғындардан тіркелмеген 7 мылтық тәркіледі

СҚО полицейлері тұрғындардан тіркелмеген 7 мылтық тәркіледі

СҚО полицейлері облыс тұрғындарына атыс қаруын заңсыз сақтау үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Жауапкершіліктен арылудың жалғыз жолы – тіркелмеген қаруды ерікті түрде тапсыру.

Ақжар ауданының 64 жастағы тұрғыны 16 калибрлі «ИЖ» маркалы сыңар ауыз мылтықты қорасында сақтаған. Бұл – қаскөйлер үшін оңай олжа. Ер адамның айтуынша, қаруды өзеннің жағасынан тауып алған. Бұл жайлы полицияға хабарлаудың орнына, үйіне алып кеткен. Нәтижесінде оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жиналды. Аталған факті «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында үй-үйді аралау кезінде анықталды. Іс-шараның мақсаты – жазатайым оқиғалардың алдын алу және қару қолданумен жасалуы мүмкін қылмыстар санын азайту.

«Жедел-профилактикалық іс-шара 5 қазаннан бастап өткізілді, - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев. – Облыс аудандарында барлығы 7 бірлік қару тәркіленді. Аулаларды аралаудан бөлек, учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, қыстақтар мен мал қамайтын учаскелердегі үй-жайлар тексерілді. Сондай-ақ тіркелген қаруы бар 4 мыңнан астам адамға тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жүргізілді. Олардың тарапынан қаруды сақтау және қаруды қайта тіркеу ережелерінің 22 бұзушылығы анықталды. Адамдарды тіркелмеген қару-жарақ үлгілері мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырамыз. Тек осылай ғана жауапкершіліктен құтылуға болады».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia