
СҚО-да полицейлер 38 жастағы петропавлдықтың синтетикалық есірткі сатуға қатысы бар болуы мүмкін екенін анықтады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол үш айға жуық уақыт бойы есірткі жасырумен айналысқан. Қала тұрғыны сәуір айында Интернациональная көшесіндегі үйдің ауласында ұсталған. Жеке тінту кезінде одан ішінде кристалл тәрізд зат бар 25 полимерлі орама және есірткіні қолдануға арналған құрылғылар тәркіленді. Кейін сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат α-PvP және мефедрон синтетикалық психоактивті заттары екені белгілі болды. Тәркіленгеннің жалпы салмағы – 20,89 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады.
«Бұның 100-ден астам адамды нашақорлыққа тартуға жеткілікті, - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров. — Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бұрын күдікті есірткіні сату мақсатынсыз заңсыз қолданғаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта ол күзетпен қамауда, іс материалдары сотқа жіберілді».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia