
Мектептегі күмәнді зат, дабыл батырмасын басу, балалар мен мұғалімдерді эвакуациялау – осындай сценарий бойынша солтүстікқазақстандық полицейлер басқа мүдделі қызметтердің өкілдерімен бірлесіп білім ошақтарында оқу-жаттығулар өткізуде.
Петропавлдағы № 32 мектепте күзетші аяқ киім қорабын байқап қалды. Жарылғыш құрылғының болуы мүмкін екендігі туралы хабарлама директорға хабарланады. Мектеп қызметкерлері дереу эвакуациялауды ұйымдастырды. 3 минуттан кейін барлық балалар қауіпсіз қашықтыққа шығарылды. Күзет құрылымының қызметкерлері арнайы қызметтер келгенге дейін ғимарат ішіне ешкімнің кірмеуін қадағалады.
«Мектеп басшылығы мен қызметкерлерінің әрекеті жақсы деп бағаланды, - дейді СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшылығы. – Сондай-ақ ұстаздар қауымының балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі ерекше атап көрсетілді. Өйткені осындай сипаттағы оқиғалар орын алған жағдайда балалардың өз-өздерін ұстай білуі, бекітілген тәртіптерді сақтап, ұйымдасып еш кедергісіз шығуы өте маңызды. Мектеп дәлізінде террористік қауіп туындаған жағдайдағы әрекеттер алгоритмі туралы көрнекі ақпарат та ілінген. Мұндай іс-шаралар басқа мектептерде де өткізілуде. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері ақпараттық жұмыстар шеңберінде терроризм актісі туралы жалған хабар беру үшін көзделген қылмыстық жауапкершілікті де түсіндіреді».
Адамдар ұстануы тиіс қарапайым ережелер мынадай: егер күдік туғызатын заттар анықталса, дереу ішкі істер органдарына хабарлау қажет, мұндай заттарға қол тигізбеген, жылжытпаған жөн. Сабырлық сақтап, дағдарыс жағдайындағы қауіпсіз мінез-құлық нұсқауларын орындау керек.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia