СҚО-дағы екі бірдей құрылыс алаңынан гастарбайтерлер анықталды

СҚО-дағы екі бірдей құрылыс алаңынан гастарбайтерлер анықталды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен "заңсыз келуші" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Полиция қызметкерлері іс-шара аясында базарларды, құрылыстар мен аудандардағы шаруашылықтарды тексеріске алды. Шараның басты мақсаты — шекара маңындағы өңірдегі заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау.

Петропавлдағы көппәтерлі үйлердің бірінің құрылысын тексеру барысында еңбек қызметін тиісті рұқсатсыз жүзеге асырған 6 Өзбекстан азаматы анықталды. Осыған ұқсас құқық бұзушылық Аққайың ауданында да анықталды, мұнда Өзбекстанның 2 азаматы әкімшілік ғимараттың құрылысында жұмыс істеген екен. Екі факті бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша сотқа жіберілді. Енді мердігерлер шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.

"Жалпы облыста қазанның 2 мен 8 аралығында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін барлығы 21 әкімшілік материал жиналды, — деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметі бастығы полиция полковнигі Талғат Әбілов. — Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 181 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, облыстың 95 тұрғыны үш күн мерзімде шетелдіктердің болуы туралы хабарлау талабын елемеген. Қазақстан Республикасының азаматтары мен қонақтарынан көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз".


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #Polisia #Полиция #Police #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #дорбез #дтп #ддтт #мвд #кап #qriim