
Петропавл қ. 43 жасар тұрғынына полицияны жалған шақырғаны үшін айыппұл төлеуге тура келеді. Масаң күйдегі ер адам Назарбаев көшесіндегі аулалардың бірін дүрліктірген. Полиция мен жедел жәрдемнің келуі үй тұрғындарын алаңдатып қояды, алайда, кейін белгілі болғандай алаңдауға тұрарлықтай себептер болмаған. Қала тұрғыны пәтерде екі мәйіттің анықталғаны туралы "102" арнасына жалған хабарлама жеткізген. Шақыртуға келген полицейлер аталған пәтерде ешкімнің болмағанын анықтайды. Пәтер иесі саяжайда болған, ал жұбайы дүкенге кеткен екен. "Қылжақбас" ұсталды және ол 80 мың теңгеге дейін айыппұл төлейтін болады. Бұл пәтер иелерінің бөлек тұратын ұлы болып шықты, ол ащы судың буымен осылайша қалжыңдамақшы болған",- деді Бірінші полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Балабек Жахин.
Жыл басынан Петропавлда арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырудың 95 дерегі тіркелді. Осындай жауапкершілігі жоқ қала тұрғындары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы бойынша жауапқа тартылатын болады, баппен 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. Егер бұндай жалған әрекеттер апаттарды, өртті, табиғи зілзала салдарын жою кезінде жасалып жатса, айыппұл екі есе көлемде салынады.
СҚО ПД баспасөз қызметі