
Полицейлер - малды бос қоя беру иелерінің өз меншігіне деген салғырттығы дейді. Тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарына иелік етушілер, малшылар және жергілікті атқарушы органдар арасында үшжақты келісім жасау арқылы малды бірлесе отыра бағу қажеттілігін бірінші жыл түсіндіріп отырған жоқ. Бұл тиімді шара екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың, Мамлют, Шал ақын сияқты аудандарында мал иелерінің өздері малдарын бақташының алдына салып берді. Нәтижесінде бұл аудандарда мал ұрлығы жоқ.
«Бос жүрген малдан қаскөйлер оңай олжаға кенеледі, одан бөлек мал жиі жоғалады, - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Іздеу жұмыстары үлкен адами және материалдық ресурстарды қажет етеді. Мамыр айының басынан бастап облыста ҚР ҚК 188-1 бабы «Мал ұрлығы» бойынша 6 факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қорадан ұрланған қой ұрлығы ашылды, басқа жағдайда жоғалған 5 қой табылып, иелеріне қайтарылды. Қалған фактілер бойынша жұмыс жалғасуда, 12 мамырдағы жағдай бойынша 4 ауданда 20-дан астам полиция қызметкерлері іздестіру шараларына тартылды. Сонымен қатар, әр ауданда мобильді топтар құрылды - малдарды ұрлау фактілерінің алдын алу және «ізін суытпай» ашу үшін олар түнгі кезекшілікке түседі, жергілікті жолдарды күзетеді және ауылшаруашылық малдарын тасымалдайтын жүргізушілердің ілеспе құжаттарын тексереді».
Төтенше жағдай режимінің тоқталуымен полицейлер халықпен кездесулерде және аудандық полиция бөлімдері басшыларының есеп беру кездесулерінде мал ұрлығы профилактикасы бойынша жұмыстарды күшейтуді жоспарлап отыр. Малды бос қоя беруді толығымен тоқтату керек: қараусыз мал - мал ұрылары үшін олжа, кейде бұл жол-көлік оқиғаларына себепші болады, оның иелері де жауапкершілікке тартылады. Тәртіп сақшыларының профилактикалық жұмыстары өз жемісін беруде: 4 ай ішінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мал ұрлығы 24 жағдайдан 8-ге дейін үш есеге азайды.
СҚО ПД баспасөз қызметі