Полицейлер кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстың алдын алу туралы айтты

Полицейлер кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстың алдын алу туралы айтты

Солтүстікқазақстандық полицейлер жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында 600-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Олардың заңды өкілдері кәмелетке толмағандардың кешкі уақытта үйлерінен тыс жерлерде немесе ойын-сауық орындарында болғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 56 жасөспірім профилактикалық есепке алынды, 12 солтүстікқазақстандық ата-ана құқығынан айырылды. Ювеналдық полициямен қабылданып жатқан барлық шаралар кәмелетке толмағандардың тарапынан және оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. 18 жасқа толмаған азаматтардың жыныстық тиіспеушілігіне байланысты қылмыстардың алдын алу және болдырмау ерекше назарда. Жыл басынан бері облыста осындай 10 қылмыс тіркелді.

Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстардың басым бөлігі ҚР ҰК 122-бабы "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша жасалып жатады. Моральдық-адами қасиеттердің азаюы, отбасы институтының әлсіреуі, қоғамдағы құндылықтардың ауысуы, әдепсіз мінез-құлықты насихаттайтын сайттардың кері әсері сияқты жалпы себептердің арасында балалардың өмір салтын, тәрбиесі мен жүріс-тұрысын бақылау негізгі фактор болып табылады. Ата-ана міндетін орындау бойынша жіберілген олқылықтың орнын толтыру оңайға соқпайды...- деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Александр Розбах. - Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің дегендей, көп нәрсе отбасыға байланысты болып келеді, осы орайда профилактикалық жұмыс балалармен және кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерімен бірдей жүргізіледі".

Полицейлер кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша оларға жүктелген міндеттерін орындамаған ата-аналар өз балаларын бақыламай уақыттарын бос өткізуіне, сондай-ақ қараусыз қалдыруынан қылмыстық қолсұғушылықтың жасалуына себепші болады. Өз балаларын тиісті тәрбелемегені үшін биылғы жылы ҚР ӘҚтК 127-бабы бойынша 302 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Педагогтармен және педиатрлармен өзара іс-қимыл жасау кезінде өз балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамаған 105 ата-ана анықталып, есепке қойылды. Бүгінгі күні 230 тұрмысы төмен отбасы есепте тұр, оларға тұрақты бақылау жүргізіледі.

Бұл алдын алу шараларының барлығы кәмелетке толмағандарды қорғауға бағытталған. Жыл басынан оларға қатысты 18 қылмыс жасалған, оның ішінде 10-ны жыныстық сипатта. Осындай оқиғалардың жол бермеудің бірі профилактикалық шараларды күшейту болып табылады. Полиция қызметкерлері мұндай оқиғаларға жол бермеу шараларының бірі профилактикалық шараларды күшейту болып табылады дейді: балалармен ашық әңгімелесулер өткізу, медицина қызметкерлері мен психологтарды тарта отырып, адамгершілікке тәрбиелеу, қоршаған ортамен, оның ішінде ата-аналармен жұмыс, болашақ өмірдегі жағымды өзгерістерге бағыт беру.

СҚО ПД баспасөз қызметі