
Бүгінгі таңда облыс аумағында 102 жеке күзет құрылымы жұмыс істейді, олар полиция қызметкерлеріне, оның ішінде күзетілетін объектілерде қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашуға тұрақты түрде көмек көрсетеді.
2023 жылғы 29 қыркүйекте өткен жұмыс кездесуінде СҚО ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері мен облыстың жеке күзет ұйымдары өзара іс-қимыл жасау тәртібін талқылады. Кездесуінде 2023 жылғы 18 шілдеде Тайынша ауданының «ТамызАгроИнвест» ЖШС аумағында жасалған сомасы 4 млн. жуық аса ауыр қылмыс - улы химикаттарды ұрлауды ашуға жәрдемдескен «Black Hawk» ЖШС күзет ұйымына СҚО ПД грамотасы табыс етілді.
СҚО ПД КҚББ бастығы полиция полковнигі Руслан Данияровтың айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік емес күзет құрылымдарының күзетшілері қылмысты ашудың 3 фактісіне қатысты, 159 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, 291 адамды ұстады және ІІО-ға жеткізді, сондай-ақ күзетілетін объектілерде 42 ұрлық пен құқық бұзушылықтың алдын алды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia