
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасарлары облыстағы мектептердің оқушыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Облыстық полиция басшылығының өкілдері облыс орталығындағы және аудандардағы 20-ға тарта мектептің оқушыларымен кездесті.
ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев жасөспірімдер электрлі самокатпен және велосипедпен жүрген кезде жол жүрісі қағидаларын мүлтіксіз сақтауы қажет екенін айтты. Сондай-ақ оқушылардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығына тоқтала кетті. ПД бастығының тергеу жұмысы бойынша орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин буллингтің қаупі, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы айтып берді. ПД бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Сәуле Андағұлова оқушылар мен жасөспірімдерге қатысты маңызды мәселелерге тоқталған соң, мектепті аяқтауға таяу қалған оқушыларды ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында білім алуға және ішкі істер органдарында қызмет атқаруға шақырды. ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Айдос Ідірісов жоғарғы сынып оқушыларына құқық бұзушылықтар мен нашақорлықтың алдын алу туралы айтып өтті. Барлық спикерлер өз дәрістерінде қоғамдық орындарда, жолдарда жасөспірімдер мен балалардың өз-өзін ұстау тәртібіне, интернет кеңістігіндегі сақтыққа баса мән берді.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттерімен және Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының оқушыларымен жуырда кездескен СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, осындай кездесулер жастардың арасындағы проблемалардан хабардар болуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазір осындай кездесулерді петропавлдық мектептерде Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Марат Жұмалиев пен оның орынбасарлары өткізуде. Жергілікті полиция қызметі басқармасында хабарлағандай, жақын уақытта облыстың басқа білім ошақтарындағы оқушылармен полиция ведомствосы аппаратындағы қызметтер мен басқармалардың бастықтары да кездеспек.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia