
Солтүстікқазақстандық полицияның басшылығы, жеке құрамы мен Ардагерлер кеңесі ішкі істер органдарының ардагері Геннадий Селищевті 75 жас мерейтойымен құттықтады.
Геннадий Александрович Селищев 1948 жылы 1 қазанда Қорған облысында туған. 1967 және 1971 жылдар аралығында Омбыдағы жоғары милиция мектебінде оқыған. Оқуын аяқтаған соң он жыл бойы Петропавл станциясындағы желілік милиция бөлімінде қызмет атқарған. Қылмыстық іздестіру қызметінің инспекторынан милиция бөлімінің бастығы лауазымына дейін жеткен. Кейін Геннадий Селищев еңбекпен түзету колониясында отряд бастығы болып жұмыс істеген; облыстық милицияның қылмыстық іздестіру қызметінде, ақпараттық орталығында, криминалдық ақпарат орталығында басшылық лауазымдарда болған. Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер басқармасының штаб бастығы лауазымынан зейнетке кеткен.
Мерейтой иесін полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов құттықтап, Геннадий Селищевтің ішкі істер органдарында лейтенанттан полковниккке дейін 30 жылдан астам қызмет атқарғанын атап өтті. СҚО ПД және Ұлттық ұлан Ардаргерлер кеңесінің төрағасы Ақан Сыздықовтың айтуынша, зейнеткер туған ведомствосының барлық маңызды іс-шараларына қатысып, жас қызметкерлерді тәрбиелеуде белсенді атсалысып келеді. Жеке құрамның қошеметімен ардагерге бағалы сыйлық пен құттықтау қағазы берілді.
Геннадий Александрович полиция қызметкерлерінің көңілі мен қамқорлығына алғысын айтты. Ардагер тәртіп сақшыларының бүгінгі таңда барлық қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталғанын атап кетті. Мерейтой иесі қызметкерлерге тыныш қызмет тілеп, өз-өздерін дамытып отыруға, тәртіпті болуға кеңес берді.
СҚО ПД бастығы айтып өткендей, ардагерлерге осылай құрмет көрсету ведомствоның көпжылдық дәстүріне айналған. Геннадий Селищевпен мерейтойлық кездесу қарттар айлығы шеңберінде өтті. Бұл кездесу тәрбиелік мақсатта ұйымдастырылды. Полицияның жеке құрамы мен жас қызметкерлер ардагерлерден үлгі алып, халық пен мемлекетке мінсіз қызмет атқаруы тиіс.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia