Полицейлер себуге дайындалған 60 тоннаға жуық астық ұрлығын ашты

Полицейлер себуге дайындалған 60 тоннаға жуық астық ұрлығын ашты

Солтүстік Қазақстан облысының сақшылары сәуірдің 27-нен бастап «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы мүліктердің ұрлығын «ізін суытпай» ашу және оны болдырмау мақсатында аудандарда мобильдік топтар құрылды. Олар қараңғы түсе айналма жолдар мен далалы жерлердегі жолдарды бақылайды, ауыл шаруашылық өнімдерін тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің қолдарындағы құжаттарды тексереді. Профилактикалық іс-шара басталғанға дейін әр ауданда аграрийлермен кездесулер өткізілді. Кездесу кезінде кәсіпорындардың техникалық нығайтылуы және қауіпсіздік қызметтерінің полицейлермен өзара іс-қимыл жасауы талқыланды.

Айта кететіні, өзара іс-қимыл жасасудың арқасында Жамбыл ауданындағы ЖШС-тің бірінен астық ұрлығы ашылды. 30 сәуір күні себуге дайындап қойған тұқымның 59 тоннасы жетіспейтіні анықталды. Келтірілген шығын 6 млн. теңгеден астам. Аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Асан Қайдаров хабарлағандай, жедел-тергеу тобы оқиға орнына дереу жеткен, сол кезеңде кәсіпорынның күзетшілерімен сәуірдің 27-не қараған түні бейнекамераларды сөндіру фактісін анықтады. Бұл, полицейлердің жұмысты тиісті бағытта жүргізуіне септігін тигізді. Сол күні күдіктілер анықталды: олар 1964, 1965 және 1989 ж.т. ЖШС жұмысшылары мен 56 жастағы жергілікті кәсіпкер болып шықты. Соңғысы уақытша ұстау изоляторына қамалып, кейін кепілдікпен босатылған. Қалғандарына қатысты міндетті түрде келу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» 188-бабының 4-б. бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тұқым тиелген үш «КамАЗ» автокөлігі алынып, ұрланған астық иесіне қайтарылды.

Жедел-профилактикалық іс-шарадан басқа, егін егу жұмыстарына жұмылдырылған адамдар мен техникалардың блокбекеттер арқылы кедергісіз өтулерін ұйымдастыруды атап өткен жөн. «Ақ тізім» жергілікті атқарушы органдармен құрылған. Аталған деректер полицейлермен мобильді планшеттер арқылы қолданылатын "Сергек" деректер базасына енгізілген. Онлайн режимінде "ақ тізіммен" салыстырып-тексеру лезде жүзеге асырылады. Аграрийлерге жан-жақты көмек көрсету – астық егетін өңірдегі полицейлер жұмысының басты бағыттарының бірі және бұл жұмысқа ерекше көңіл бөлінеді.

СҚО ПД баспасөз қызметі