
Мемлекет басшысының әскерге шақыру жасындағы және әскерге дейінгі жастармен жұмысты күшейту, оларды отансүйгіштік және Отанға қызмет ету рухында тәрбиелеу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде 2022 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырмасымен Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелері туралы «Бүркіт» көркем фильмі түсірілді.
Туынды авторларының басты мақсаты – кинокартинаның кейіпкерлері арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті, достық пен патриотизмді, намыс пен абыройды, Әскери антқа және қызметтік міндетке деген адалдықты жеткізу. Бұдан да басқа, Ұлттық ұлан арнайы жасағының қызметі арқылы Қазақстанның арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің негізгі міндеттерін көрерменге жеткізу.
2023 жылдың 2 қарашасында «Бүркіт» әскери көркемсуретті фильмі ел кинотеатрларының үлкен экрандарына шығады.
Бұл фильм арнайы жасақта қызмет ететін үш жауынгердің достығы туралы. Олардың атқаратын күнделікті тапсырмалары қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру болып табылады. Сондай бір қылмысқа қарсы текетіресте оларға өз достығын сынауға тура келеді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia