СҚО-да демалыс күндері полицейлер кәмелетке толмағандар тарапынан болатын бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған рейдтер өткізуде

СҚО-да демалыс күндері полицейлер кәмелетке толмағандар тарапынан болатын бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған рейдтер өткізуде

Қыркүйектің 22-нен бастап еліміздің полиция қызметкерлері басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Іс-шараның басты мақсаты - кәмелетке толмағандар тарапынан болатын және оларға қатысты жасалуы мүмкін қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға және анықтауға бағытталған.

Солтүстікқазақстандық полицейлер іс-шараның алғашқы тәулігінде түрлі 40 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс болуының 14 фактісі тіркелді.

Тәулік ішінде облыстың ішкі істер органдарына 23 жасөспірім жеткізілді, олардың 14-і түнгі уақытта. Ішкі істер органдарына 3 кәмелетке толмаған есепке қойылды. Тұрғылықты жері бойынша полицияда есепте тұрған 24 жасөспірім, сондай-ақ 76 қолайсыз отбасы тексерілді.

"Ювеналдық полицейлер, учаскелік инспекторлар және патрульдік полиция жасақтарының қатысуымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар жасауы мүмкін бұзушылықтарды анықтауға бағытталған түнгі рейдтер СҚО-да барлық демалыс күндері өтетін болады. "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы қыркүйектің 24-і аяқталады", - деп атап өтті СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia