Петропавлда жасөспірім аялдама павильонын қиратты

Петропавлда жасөспірім аялдама павильонын қиратты

Петропавл полицейлері аялдама павильонының шынысын сындырған бұзақыны ізін суытпай анықтады. Ол қалалық мектептердің бірінің сегізінші сынып оқушысы болып шықты.

Жамбыл мен Партизанская көшелерінің қиылысына жақын тұрған павильон 17 қыркүйекке қараған түні бүлдірілді. Бұл туралы «102» арнасына қоңырау шалған қала тұрғындары хабарлады. Түн ортасында Жамбыл көшесімен келе жатқан екі жасөспірімнің бірі павильонның шынысын аяғымен теуіп сындырып, кейін сол жерден қашып кетеді. Олардың бұл әрекеті Петропавл қ. ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалды. № 4 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері 14 жастағы жасөспірімді анықтады. Ол анасымен бірге учаскелік полиция пунктіне шақыртылып, бұл әрекетке не себепті барғанын айтып берді. Айтуынша, досы екеуінің арасында туындаған келіспеушілік салдарынан ашуын аялдамадан алған.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, аялдама павильондарын бүлдіргені үшін жауапқа тартылған адамдар осындай түсініктемелер беріп жатады, — дейді Петропавл қ. полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. — Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 435-бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша материал жиналды. Баптың санкциясы 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлды салуды көздейді. Бұдан бөлек, сот кәмелетке толмаған баланың ата-анасын келтірілген шығынды өтеуге міндеттеуі мүмкін. Сондай-ақ олар кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жүргені үшін ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдердің қараусыз жүруі – олардың құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі екенін естеріңізге саламыз. Ересектерден кәмелетке толмаған балаларының бос уақытын бақылап отыруларын сұраймыз».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia