СҚО полицейлері жыл басынан 1 кг. астам синтетикалық есірткілерді тәркіледі

СҚО полицейлері жыл басынан 1 кг. астам синтетикалық есірткілерді тәркіледі

Петропавлда куәгерлердің сақтығының арқасында есірткі таратты деген күдікпен 48 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Күдікті маусым айында Шухов көшесінде есірткі жасырып жүрген. Оның әрекетін байқап қалған тұрғындар бірден полицияға хабарласты. 20 минутқа жетер-жетпес уақытта оқиға орнына СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері келді. Жеке тінту кезінде қала тұрғынынан ішінде қызыл түсті ұнтақ тәрізді зат салынған 14 полимерлік түйіншек тәркіленді. Тағы 11 түйіншек есірткі жасырып үлгерген орындардан алынды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, бұл зат «мефедрон» синтетикалық есірткі заты екенін көрсетті.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, - дейді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. – Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде. Есірткінің таралуымен күресу – бөлініс жұмысының маңызды бағыттарының бірі. 8 айдың ішінде облыста түрлі 169 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, оның 71-і сату фактілері. Заңсыз айналымнан 728,9 кг. есірткі алынды, оның ішінде 1 кг.-дан астамы синтетикалық психотроптық заттар».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia