
Бұл мереке Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі. Петропавлда осы демалыс күні қызметтен бос 30-ға жуық полицейлер отбасы әйелдерімен және балаларымен бірге Тәуелсіздік стеласының жанына жиналып, отандық эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Аишаның «Мекенім - Қазақстан» хитіне би биледі. Полицейлердің ашық аспан астында кездесуі эмоциялық босаңсуға, флешмобты позитивті көңіл-күймен өткізуге көмектесті. Іс-шараның ұраны – «Бақытты отбасы».
«Осы іс-шара арқылы біз әрқайсымыздың өміріміздегі отбасылық құндылықтардың, сондай-ақ денсаулық пен қолайлы психологиялық ортаның маңыздылығын көрсеткіміз келді. Дені сау, мықты отбасы – өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеудің іргетасы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүріп отбасыларына аз уақыт бөлетін полиция қызметкерлерінің сенімді тірегі болып табылады», - дейді СҚО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин.
Сондай-ақ, Абылғазы Ғабдуллин полиция қызметкерлерін Отбасы күнімен құттықтап, композицияны ойластырған әрі ерекше ықыласпен тұрғындарға көрсеткен хореограф Элла Рақымжанованы алғыс хатпен марапаттады. Тәртіп сақшылары қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтап, Отанына бейбітшілік пен амандық тілейді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia