
Солтүстікқазақстандық полиция қызметкері Азамат Әбішевтің отбасы құруына музыка себеп болды.
Гитараға бала күніне әуес болған. Әкесі гитарада ойнаған отбасылық кештер осы күнге дейін оның есінде қалған. Азамат гитараны қолға алғанымен, біраз уақытқа дейін оны меңгеру қиынға соғыпты. Бірақ Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқып жүріп, курстасы Әлияға ғашық болғанда барлығы өзгереді. Ол уақытта Әлия бірнеше жыл музыкамен айналысып, домбырада ойнап, ән айтқан. Екі жастың ойларының бір болғаны оларды жақындастыра түсті. Көп ұзамай Әлия ән айтқанда Азамат гитарамен сүйемелдеуге көшті. Туыстары мен таныстарының үйлеріндегі отырыстарда ән шырқай бастады. Репертуар үлкен: ұлттық әндерден бастап әлемдік эстрадаға дейін. Азаматтың ең сүйіп тыңдайтын әндерінің бірі «Boney M» тобының орындайтын «One way ticket» әні.
Қазір ерлі-зайыпты Әбішевтер отбасы мен жұмысқа көп көңіл бөледі, бірақ музыканы да ұмытқан емес. Әлия – заңгер, Азамат полиция қатарында екі жыл қызмет атқарып келеді. Дегенмен олардың үйлерінде гитараның үні жиі естіледі. Үйдегі үш бүлдіршінді де ата-аналары музыкаға жақындатпақ ниетте.
«Жаңа нәрселермен әуестену адамды жан-жақты етеді, - дейді Азамат. – Музыка балардың есте сақтау қабілетін жақсартады, мидың дамуына, жылдам ойлауға көмектеседі дегенді естігенмін. Мен гиатарамды қолға алғанда балаларым да бұрын өзім сияқты әкемді тыңдағандай жаныма отыра қалады. Осындай сәттерде отбасыңдағы бақыттың өзің үшін маңызды екенін түсінесің».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia