
2013 жылдан бастап Қазақстанда қыркүйектің екінші жексенбісінде отбасы күні атап өтіледі. Бұл мереке отбасылық құндылықтарды насихаттаумен, отбасы мен некенің позитивті образын дамытумен, отбасы институтын нығайтумен, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттырумен байланысты.
Жуырда осы мерекеге орай С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың және СҚО полиция департаменті кадр саясаты басқармасының қызметкерлері музыкалық-поэзиялық кеш өткізді.
Іс-шараға СҚО ПД кадр саясаты басқармасының басшылығы, полиция қызметкерлері мен студенттер қатысты. Сондай-ақ ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Марал Оспанова, СҚО Қазақстан халқы ассамблеясының татар-башқұрт орталығының өкілі Зулейха Бикметова шақырылды. Олар өз сөздерінде отбасының адам өміріндегі рөлін айтып, отбасыдағы проблемаларды шешудің, өзара түсіністік пен қолдаудың тәжірибесімен бөлісті.
Музыкалық-поэзиялық кешке кітапхананың белсенді оқырмандары, шығармашылық ұжымдар қатысты. Әсіресе ерлі-зайыпты Әсет пен Динара Молдабаеваның музыкалық тартуын жиналғандар ерекше қабыл алып, қошеметтерін аямады. Әсет – полиция қызметкері, СҚО ПД мәдени орталығындағы вокалдық топтың мүшесі. Белсенді қатысқаны үшін кітапхана қызметкерлері оларға алғыс хат табыс еті.
«Біздің қоғамда отбасы ұрпақтар арасындағы байланыс, рухани және мәдени дәстүрлерді сақтаудың кепілі болып табылады. Отбасының ішкі әлемі бар, онда мінез-құлық, әр мүшесі тұлға болып қалыптасады, мұнда Отанға деген сүйіспеншілікке, еңбекқорлыққа, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиелейді. Отан отбасынан басталады, - дейді СҚО ПД КСБ бастығы полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин. – Жыл сайын осы мерекеге орай біздің департаментте көптеген іс-шаралар өткізіледі. Полиция қызметкерлерінің отбасы мүшелерін шақырамыз. Өйткені, отбасы – әр адамның баға жетпес қымбат байлығы».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia