
Қаруды қолдану арқылы қылмыс жасау ықтималдығын азайту үшін солтүстікқазақстандық полицейлер 5 қыркүйектен бастап "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. Тексерулермен тіркелген қарудың барлық иелері қамтылды, сондай-ақ заңсыз сақтау фактілерін анықтау бойынша күшейтілген жұмыс жүргізілуде. Мысалы, Аққайың ауданында тіркелмеген "ИЖ-34" аңшылық мылтығы жергілікті шопанның тұратын вагоннан тәркіленді. Мағжан Жұмабаев ауданы тұрғынының үйінен мылтық табылды, ал Шал ақын ауданындағы ауылдардың бірінде тұратын тұрғынның үйге жапсарлас бөлмесіне мылтық табылды, бұл жерден оны оңай ұрлап әкетуге болады. Заң бұзушылардың сөзінше, олар қаруды орманда немесе су қоймасының жағасында тауып алған. Мағжан Жұмабаев ауданының тағы бір тұрғынының айтуынша, "МЦ 21-12" бесатар мылтығы атасынан мұра болып қалған. Тәртіп сақшылары оны тексеру үшін тоқтатылған "Нива" көлігінің салонынан тапты.
"Естеріңізге сала кетейік, иесі қайтыс болған жағдайда оның туыстары қаруды өзіне қайта тіркеуі немесе комиссиялық сатуға шығаруы керек", — дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. - Тіркелмеген қару - қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Заңсыз сақталған қару үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен тек ерікті түрде тапсыру ғана құтқарады. ЖПІШ бірінші күнінде облыста барлығы 4 бірлік тіркелмеген қару мен 9 патрон тәркіленді, тіркелген қаруды сақтау және қайта тіркеу қағидаларының 5 бұзушылығы анықталды. Барлық құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды".
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia