Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде Жеңіс күні мен Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Мерекелер төтенше жағдай кезеңіне келді. Қауіпті инфекцияға қарсы қоғамның күресі де бүгінгі тақырыпқа сай келген сияқты.
50-ден астам полиция қызметкері атап өтілді, олардың ішінде карантиндік шараларды орындауға басты ауыртпалық түскен бірнеше жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері болды, залда шақырылған қонақтар да арақашықтықты сақтай отыра отырғызылды. Екі қызметкердің атағы жоғарылады. Төртеуі медаль мен төсбелгілер, сегіз қызметкер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды.
Төтенше жағдай кезінде полицияға қолдау көрсеткен облыс тұрғындары Ішкі істер министрлігінің құқығымен марапатталды. Ұйымдар мен қоғамдық институттардың танымал өкілдері Бақытжан Самиева (Іскер әйелдер қауымдастығы), Мұратбек Зейнуллин (Қазақстан халқы Ассамблеясы), Темірғали Әбілмажинов (Мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметшілердің кәсіподақ ұйымы) және «Qyzyljar» телеарнасының директоры Ерлан Тоқшылық үлкен көмек көрсетті. Олармен бірге Аққайың ауданының үш тұрғыны алғыс хаттарға ие болды: блок бекеттерді ұйымдастыру үшін жабдықталған вагон мен трейлер ұсынған Александр Фильберт пен Виктор Энес және блок бекет үшін шлагбаум мен басқа да қажетті жабдықтарды дайындауға ерікті түрде көмектескен, дәнекерлеуші Бағлан Исимбаев. Облыстық ішкі істер органдарының ардагерлері де естелік медальдар, грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.
Геннадий Селищев пен Тагир Зарипов «Ерен еңбегі мен жеке қосқан үлесі үшін» естелік медальдарына ие болды.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде екі мерекелік датаның арасындағы терең байланысты атап өтті:
«Мамыр айында атап өтетін мерекелеріміз қарсаңында, біз Отанымызды фашистік басқыншылардан қорғаған, сондай-ақ әскер қатарында қызмет еткен, бүгінде әскери борышын өтеп жүргендерге құрмет көрсетпекшіміз, - деді ол. - Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен ұрпақтың ерлігі адамзат жадында көпұлтты халықтың ерлігі, қайсарлығы мен бірлігінің үлгісі ретінде мәңгі қалады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері де жауды жеңуге лайықты үлестерін қосты: соғыста ұрыстарға қатысты, қылмысқа қарсы күресті. Біздің міндетіміз - сол қатал соғыс жылдары туралы тарихи шындықты сақтау, тірі қалған және қаза тапқан батырларды еске алу».
Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарының қатарында 771 адам соғыстың ащы дәмін татты. Бүгінде үшеуі аман-есен: Григорий Красильников, Никита Семенов, Иван Шипп. Карантиндік шектеулер оларды іс-шараға шақыруға мүмкіндік бермеді. Полицейлер барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отыра, олардың үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтап, ерліктері мен жанқиярлық жұмыстары үшін ризашылықтарын білдіргісі келеді.
Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды, онда СҚО ПД вокалдық тобы патриоттық әндер мен балалық шақтан бәріне таныс соғыс жылдарындағы әндерді орындады.
СҚО ПД баспасөз қызметі