Сақшылар жолдарда балалар жарақатының алдын алу үшін рейдтік іс-шараларды өткізуге дайындалуда

Сақшылар жолдарда балалар жарақатының алдын алу үшін рейдтік іс-шараларды өткізуге дайындалуда

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары карантиннің соңын күтуде, жақында балалар Петропавл және облыстың басқа да қалаларының көшелеріне шығады. Облыс орталығының қызметкерлері көліктік тәртіпті жақсартуға бағытталған бірқатар алдын алу және рейдтік іс-шараларды өткізуге дайындалып жатыр. Балалардың жол-көлік жарақаттарының жолын кесуге ерекше назар аударылады.

«Жол-көлік оқиғаларының басты себебі - адам факторы, жүргізушілермен қатар, жаяу жүргіншілердің де ережелерді сақтамауынан болады, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов. - Балаларды жолда дұрыс жүруге үйрету балалық шақтан, яғни кішкентай кезінен басталуы керек. Балалар жолдың қауіпті екенін біліп, негізгі ережелерді мықтап есте сақтағандары жөн: көшені тек қиылыста немесе жаяу жүргіншілер өткелінде, егер бағдаршам болса - жасыл түсі жанғанда ғана өтуге болатынын үйренуі керек. Көшеден өткен кезде алдымен солға, оңға қарап, жолдың ортасына жеткенде жақын келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізген абзал. Жолдың жанында және ешқашан жолда ойнауға болмайды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге арналған негізгі жол белгілерін, көлікте өзіңді-өзің ұстау ережелерін білу керек. Жолда өзіңді дұрыс ұстауға тәрбие беруде ең бастысы - ата-аналардың және барлық ересек адамдардың өздерін ұқыпты етіп көрсетуінде ...».

Күн жылысымен велосипед, мопед және оларға теңестірілген көліктердің иелері полицейлердің алаңдаушылығын туғызады. Мопед - бұл цилиндрінің көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын, ішкі қозғалтқышы немесе электр қозғалтқышы бар және максималды жылдамдығы 50 км / сағ аспайтын екі немесе үш доңғалақты көлік құралы. Оларға аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, скутерлер, электрлік самокаттар және ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары жатады. Жол жүрісі ережелерін біліп, сақтау қажет. Жол бойында мұндай көлік құралдарының жүргізушілері оң жақ жиекпен жүрулері керек. Жаяу жүргіншілер өткелімен жүруге тыйым салынады. 50 см артық шығып тұрған, басқаруға кедергі келтіретін жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Барлық «болады» және «болмайдыны» ең алдымен ЖЖЕ-нен ата-аналарының өздері білулері керек. Қазір әзірше карантиндік шектеулер күшінде, сондықтан оларды балалармен бірге мұқият зерттеп, содан кейін ғана дүкенге көлік құралын сатып алу үшін жақсы мүмкіндік бар.

Тәртіп сақшылары еске салады: балалардың қауіпсіздігі ересектердің қолында. Жыл басынан бері облыс жолдарында түрлі жол-көлік оқиғасында бір адам қайтыс болып, бес кәмелетке толмаған бала зардап шекті.

СҚО ПД баспасөз қызметі