
Патрульдік полиция батальонының командирі Ерлан Мәдиев 91 жасар Аня әжейді жақсы таниды. Полиция подполковнигі наурыз айының басында сапаржай маңында жолдан өте алмай тұрған әжейді көріп, көмегін ұсынады. Көзі нашар көретін зейнеткер ағаларының суретін алып, Мәңгілік полк тізіміне майдангер-ағаларын қосу ниетімен облыстық әскери комиссариатқа бет алған. Бұл кезде шектеу шаралары енгізіліп, шерудің болмайтыны туралы ешкім білмеген еді. Комбат кідірместен әжейді көлігіне отырғызып, діттеген жеріне жеткізеді. Әңгіме барысында әжейге туысқандары қарайласатыны анықталды, алайда, ол бұл істі өзі барып тындырмақшы болған.
Соғыс басталғанда әжей ойын баласы еді. Отбасында он бір ағайынды. Төрт ағасы майданға аттанса, інілері егіс даласында еңбек еткен, нан мен картоп өсірген. «Арам шөпті жерден басымызды алмай жұлатынбыз, - дейді ол. – Қолды арам шөптен сақтау үшін анам бәрімізге қолғап тігіп беретін. Анамыз да колхозда жұмыс істеді, бізге: «Жақсылап жұмыс істесеңдер, соғыс тез аяқталып, бауырларың үйге оралады» - дейтін. Өкінішке орай, анамның айтқаны келмеді, төрт ағамның біреуі ғана оралды...». Анасының өсиеті бала жүректе сақталып қалған, адал еңбек ету – ауамен тыныстағандай маңызды еді. Көп жылдар бойы әжей колхозда еңбек етті, соғыстан кейін педагог мамандығын алды...
Қазіргі уақытта оның балалары, немерелері мен жиендері Қазақстанда, жақын шетелдерде де тұрады. Аня әжейдің жүзінен өмірге, адамдарға деген шексіз махаббат байқалады. Әжей Ерлан Мәдиевті «балам» деп жиі атайды. Қала тұрғындарын үйде отыруға мәжбүрлеген карантин кезінде сыйлықтарын алып барған полиция подполковнигіне әжей: «Сыйлықтар қажет емес еді. Келіп, қал-жағдайымды сұрасаң да жеткілікті, үлкен рақмет... Өздері жақсы, қамқоршыл, - деп тәртіп сақшылары туралы ойын білдірді. Қиын кезде қолдау көрсетті. Полицейлер осындай болуы тиіс. Карантин аяқталған соң, Ерланды шайға шақырамын...».
Ерлан қарамағындағыларды да қарттарға дәл осылай көмек көрсетуге шақырады. «Полицияның негізгі қызметі – адамдарға қиын кезде қол ұшын созу, - деді ол. Мен тек көмек қажет адамға қол ұшымды создым. Бейбіт өмір сыйлаған ұрпақ өкілі - жақсы жанға көмектескеніме қуаныштымын».
СҚО ПД баспасөз қызметі