СҚО-да полицейлер үш күн ішінде мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

СҚО-да полицейлер үш күн ішінде мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде «Құқықтық тәртіп» үш күндік жедел-алдын алу іс-шарасы қорытындыланды. Іс-шараның мақсаты – өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мереке және демалыс күндері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін нығайту.

Іс-шараға қалалық және облыстық полицияның барлық жетекші бөлімшелері мен қызметтерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Нәтижесінде облыс бойынша үш күн ішінде 33 қылмыс тіркелді, оның 27-сі кезекші тәулік ішінде ашылды. 1065 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Үш күннің ішінде ҚР-да тұру ережелерінің 238 фактісі анықталды. Алкогольдік ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болудың 208 фактісі тіркелді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде ересектердің еріп жүруінсіз болуының 79 фактісі тіркелді. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің 42 фактісі бойынша шаралар қабылданды, сондай-ақ ұсақ бұзақылық үшін 71 хаттама толтырылды.

«Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударылды, — деп атап өтті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. — Облыс жолдарында жаяу жүргіншілер тарапынан жол қозғалысы ережелерінің 163 бұзушылығы жасалды; жылдамдықты асырудың – 116; жаяу жүргіншілер өткелдерінің өтуін бұзудың – 24 фактісі тіркелді. Сондай-ақ көлік құралдарын басқарған, бұрын басқару құқығынан айырылған 5 адам және мас күйінде көлік жүргізген 13 жүргізуші ұсталды».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia