Петропавлда абаттандыру қағидаларының 3 мыңнан астам бұзушылығы анықталды

Петропавлда абаттандыру қағидаларының 3 мыңнан астам бұзушылығы анықталды

Учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларының бұзушылықтарын анықтау және ескерту бойынша рейдтік іс-шараларды ұдайы жүргізіп тұрады. Өткен демалыс күндері кезекті рейдтердің бірінде Московская көшесінде үйіліп жатқан құрылыс қалдықтары анықталды. Металл қабылдау пунктінің иесі құрылыс қалдықтарын қоршаудың бойында үйіп қойған. Учаскелік инспекторлар профилактикалық сипатта әңгімелесу жүргізіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша ескерту жазып берді. Қала тұрғыны 10 күн ішінде бұзушылықты жоюға міндеттелді.

«Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бұзушылықтарын анықтау – учаскелік полиция инспекторларының жұмысындағы бағыттардың бірі. Естеріңізге сала кетейік, абаттандыру қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», - дейді Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов.

Жыл басынан облыс орталығының аумағында учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларының 3230 бұзушылығын анықтады. Бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар жалғасуда.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia