
19 тамыз күні Петропавл қаласындағы Әуезов көшесінде орналасқан полицияның стационарлық бекетінің маңында облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол сол маңнан өтіп бара жатқан адамдардың біріне мас күйде балағат сөздер айтып төбелеспек болған.
Тәртіп сақшылары оны стационарлық бекетке жеткізді. Бірақ ер адам өзін арессивті ұстап, полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындаудан бас тартты. Нәтижесінде полицейлер ер адамға қатысты арнаулы құралдарды қолдануға мәжбүр болды.
Тәртіп сақшыларының заңды талаптарына бағынбауынан көрінген құқыққа қайшы әрекеттерді жасағаны үшін 35 жастағы қала тұрғынына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, процестік шешім қабылдау үшін сот органдарына жіберілді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia