
Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында 19-ға жуық ұлт өкілдері қызмет етеді. Қызылжар ауданының Соколовка поселкелік полиция бөлімінде ең интернационал ұжым қызмет атқаруда. 4 жылдан астам уақыт полиция ұжымын әзірбайжан, полиция майоры Эльдар Аллахверанов басқаруда. Учаскелік инспектор Имран Магамедов, ұлты – шешен, полиция әулетінің 4-ші ұрпағының өкілі. Сондай-ақ, бұл шағын бөлімде 15 қызметкер: қазақтар, орыстар, татарлар, немістер жұмыс істейді. Ұжымдағы достық қарым-қатынасты жергілікті тұрғындардың пікірлері куәландырады, олар полицейлердің кәсібилігіне жиі ризашылықтарын білдіреді. «Әрқайсысымыз атымызға айтылған алғыс сөздерді естігенге өте қуанамыз. Бірақ, олар әсіресе құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін өте маңызды, өйткені бұл олардың жауапты жұмысы үшін ең басты баға. Сондықтан, мен поселкелік полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Эльдар Садықұлы Аллахверановқа, біз үшін қиын карантин уақытында көмектескені үшін алғысымды білдіргім келеді. Ол әрдайым ауыл тұрғындарының өтініштерін далаға тастамайды, қолынан келгеннің бәрін жасауға тырысады. Біздің қатарымызда қарапайым азаматтардың мәселелеріне бей-жай қарамайтын қызметкерлердің көп болғанын қалаймыз», - деп жазды Юлия Баланова СҚО ПД Instagram-дағы аккаунтына.
Соколовка поселкелік полиция бөлімінің қызметкерлері 34 елді мекенге, яғни 9 ауылдық округке қызмет етеді. Карантин жағдайында ауыл тұрғындары облыс орталығынан «үзіліп» қалды, бұл көптеген күнделікті мәселелерді шешуге қолайсыздықтар туғызды. Олардың кейбіреуін шешуге төтенше жағдай кезінде карантиндік іс-шараларға қатысқан полиция қызметкерлері көмектесті.
Жалпы, СҚО-ның барлық аумақтық бөліністерінде грузиндер, армяндар, башқұрттар, украиндар, гректер, молдавандар, корейлер, белорустар, поляктар, ингуштар жұмыс істейді. «Бірлік, достық - бұл біздің Қазақстан халқының басты байлығы. Біз, оны қазір төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жүргенде сезіндік. Біздің басты міндетіміз - заңдылықты қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге халыққа көмек көрсету. Көптеген адамдар қиын жағдайға тап болды», - деді СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.
Осы орайда, солтүстікқазақстандықтар да бей-жай қараған жоқ, карантин жағдайында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көмектесе отыра, профилактикалық шараларда және басқа да ұйымдастырушылық мәселелерде көмек көрсетті. 1 мамыр күні Ғ.Мүсірепов атындағы аудандағы блок-бекеттерде этномәдени орталықтардың өкілдері ұлттық тағамдардан дәм татқызды. Бұл сәт блок-бекеттердегі кезекшіліктегі полицейлер мен дәрігерлер үшін өте маңызды мерекелік көңіл-күй болды.
СҚО ПД баспасөз қызметі