
ТЖ кезеңінде Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция қызметкерлері басқа бөліністермен бірге қала көшелерін патрульдеуде. Қосымша жүктемеге қарамастан, олар өздерінің күнделікті жұмыстарын толық орындап, қиын отбасыларда құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүргізеді. Егер балалармен не ата-аналармен жасалатын бұзушылықтарда жүйелілік байқалса, бұл олардың ата-аналарын ҚР Әкімшілік кодексінің «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» 127-бабы бойынша есепке қоюға себеп болады. Петропавлда мұндайлардың саны – 82, оның 48-і жыл басынан есепке қойылғандар. Көбіне алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс ішумен, кейде ата-аналарының балаларына ықпал етуге қауқарсыздығымен байланысты.
Патрульдердің бірі 20 сәуір сағат 17-00 шамасында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйінен тыс жерде жүрген 14 жасар қыз баланы тоқтатқан. Оның сөзінше, ол қыдыруға шыққан. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларға жасөспірім өткен жылы осылай үйінен тыс жерде жалғыз жүруімен таныс. Тіпті, ол бірде спирттік ішімдік ішкен. Кәмелетке толмаған төрт баласы бар ананың үлкен қызын тәрбиелеуге шамасы келмейтіні анық. Отбасы қаңтарда есепке қойылды.
«Карантин аяқталғаннан кейін аталған фактілер, 5 отбасының жағдайы қалалық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысында қаралатын болады, - деді Петропавл қ. ПБ ЖПҚб бастығының орынбасары полиция подполковнигі Айдын Ақмағамбетов. – Комиссия отбасына түзелуге сынақ мерзімін беру немесе ата-ана құқығынан айыру туралы шешім қабылдайды. Мүдделі органдар отбасында жақсы қарым-қатынас орнату үшін жағдай жасайды: олармен мектепке бекітілген учаскелік полиция инспекторы, әлеуметтік педагог, психолог, қамқоршы органдар жұмыс істейді».
Айдын Ақмағамбетов карантин кезінде Петропавл қаласында ювеналдық полиция желісі бойынша бұзушылықтардың азайғанын атап өтті. Кейбір жағдайларға карантин оң әсерін тигізген. Мәселен, төрт ұлы бар жалғыз басты ананың 2004 жылы туған баласы бұрын үйінен кетіп қалып жүргендіктен, есепте тұрған. Әйелдің теріс әдеттері жоқ, тек жұмыс басты. Төтенше жағдай режиміне байланысты әйел үйінде оқшауланып, балаларына көңіл бөлген. Кезекті тексеріс кезінде полицейлер отбасындағы жағдай жақсарып, пәтердің тап-тұйнақтай жиналғанын байқаған.
Сәуір айында ҚР ӘҚтК 127-бабы бойынша 5 петропавлдық (наурызда - 18) жауапқа тартылды. Карантин ережелерімен тыйым салынған ата-ананың еріп жүруінсіз үйден тыс болғаны үшін 19 хаттама толтырылды.
СҚО ПД баспасөз қызметі