Петропавл полицейлері зейнеткерден 5,7 млн теңге алып кеткен дропперді ұстады

Петропавл полицейлері зейнеткерден 5,7 млн теңге алып кеткен дропперді ұстады

Петропавл қ. полиция басқармасының екінші полиция бөліміне облыс орталығының 71 жастағы тұрғыны арызданып, оның үйінде белгісіз қылмыскер ірі сомадағы ақшаны иемденіп алғаны туралы хабарлаған. Келтірілген шығын 5 миллион 747 мың теңгені құрады.

Криминалдық полиция қызметкерлері облыстағы колледждердің бірінің 16 жастағы студентін ізін суытпай ұстады. Ұрланған ақшаны ешқайда жіберіп үлгермеген.

Анықталғандай, бұл күні зейнеткердің үй телефонына әлдебіреу қоңырау шалған. Оның туыстарының бірі жол-көлік оқиғасына ұшырап, адамдар зардап шеккенін айтқан. Іс қозғамас үшін ірі көлемдегі ақша талап етіпті. 71 жастағы зейнеткер абдырап, қолында 13 мың АҚШ доллары бар екенін айтқан. Көп ұзамай ақшаны алып кетуге қылмысты ұйымдастыруға қатысы жоқ, тек алаяқтардың айтқанын орындауға келген дроппер келеді. Алайда, оны жедел уәкілдер анықтап ұстады.

Факті ҚР ҚК 190-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу жүрігізілуде.

«Полицияға уақтылы хабарласу қылмысты ізін суытпай ашуға көмектеседі, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин. – Полиция қызметкерлері байланыссыз алаяқтықтың алдын алу бойынша іс-шараларды үнемі жүргізіп тұрады. Бірақ осындай фактілер аға буынның арасында орын алады. Мұндай жағдайларда азаматтарды сабыр сақтап, қаржылық операциялар жасаған кезде асығыс шешім қабылдамауға шақырамыз. Егер осы сияқты фактілер орын алса, бірден полицияға хабарлау керек».


#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia