СҚО-да жыл басынан 300 тарта жанжалқой отбасыларында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

СҚО-да жыл басынан 300 тарта жанжалқой отбасыларында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында 1402 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. 296 құқық бұзушы әкімшілік қамаққа алынды. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасында атап өткендей, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу – учаскелік полиция инспекторларының жұмысындағы басым бағыттардың бірі. 1 шілдеден бастап отбасылық жанжалқойларға қатысты жауапкершілік қатаңдатылды; полиция қызметкерлері тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшті. Бұрын тек арыз жазылған жағдайда ғана шаралар қолданылатын.

№ 8 учаскелік полиция пунктіне Уәлиханов көшесіндегі жатақханалардың бірінің 76 жастағы тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Қарт әйелдің айтуынша, оның 52 жастағы ұлы маскүнемдікке салынған. Үйде жиі жанжал шығаруды әдетке айналдырған. Нәтижесінде ер адамға қатысты қорғау нұсқамасы жазылып, әкімшілік заңнаманың бірден үш бабы бойынша хаттамалар толтырылды – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, сот шешімін орындамағаны, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені және масаң күйде жүргені үшін. Сот шешімімен ер адамға 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және қоғамдық орындарда масаң күйде жүргені үшін айыппұл салынды.

«Бұдан былай тараптардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталды, - дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах. – Бұрын отбасылық жанжал фактісі бойынша жиналған материалдардың жартысына жуығы сот отырысында татуласуға және жәбірленушінің өз жауабын өзгертуіне байланысты тоқтатылатын. Жәбір көрген тұлғалар жанжал шығарушының қысымының не болмаса туыстарының өтінішінің нәтижесінде жауабын өзгертетін. Енді тек бір рет қана сот арқылы татуласуға болады. Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік күшейтілді».

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты барлық сұрақтар бойынша солтүстікқазақстандықтар өздерінің учаскелік полиция инспекторларына, 150 нөмірі арқылы республикалық call-орталыққа, +7-777-504-77-73 нөмірі арқылы әйелдерді қолдау орталығына немесе «102» арнасына жүгіне алады.

#SQO_PD_сізбенбіргетарихсыршертеді #SQO_PD_свамиговоритистория #ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia