100 жылдық әулет және өзге де қызықты деректер — СҚО полиция ардагерлері өз бөлімшесінің тарихы туралы альманах дайындады

100 жылдық әулет және өзге де қызықты деректер — СҚО полиция ардагерлері өз бөлімшесінің тарихы туралы альманах дайындады

Соколов кенттік полиция бөлімшесінің цехтық ардагерлер ұйымы - Солтүстік Қазақстан полициясының ең белсенділерінің бірі. Зейнеткерлер қоғамдық өмірге белсене араласады, құқықтық тәртіп қызметінің имиджін арттыруға қатысады.

Соколов ауылдық кітапханасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, олар "Заң күзетінде" атауымен тарихи танымдық альманах дайындап шығарды. 60 бетті қамтыған кітапта қарапайым тілде бөлімнің ғасырлық тарихы жазылған.

Милиция органының құрылуын бекітетін алғашқы құжат 28 қазанда (10 қараша) қабылданды, бұл «Жұмысшы милициясы туралы» ІІХК қаулысы болатын. Аталған құжатқа сәйкес қараша айының соңында Петропавл қ. жұмысшы-шаруа қызыл милицисының отряды құрылды, оған Петропавл ст. локомотив депосының жұмысшысы, Совдеп мүшесі Ф.К. Юрасов басшылық етті.

1921 жылы Петропавл уезінің милициясы 6 ауданнан тұрды, бесінші аудан – Соколовка станицасы.

47688 халқы бар Соколов станицасына 8 милиционер қызмет көрсетті. Иван Кожемякин бастығы болды.

Ұлы Отан соғысынан кейін Соколов ауданының ішкі істер бөлімі жаңа қызметкерлермен толықты. Жауға тойтарыс берген, сол кездің қиыншылығын бастарынан кешірген майдангерлер бейбіт өмірдегі қылмыскерлермен аянбай күресті.

1952-1954 жылдары Соколов ауданының милиция бөлімін майдангер милиция капитаны Н. Енсенгенов басқарды.

Альманахта еңбегімен ерешеленген қызметкерлер, олардың ерліктері мен тағдырлары, сондай-ақ атадан балаға мирас қылған әулеттер туралы айтылады. Биыл осындай әулеттердің біріне100 жыл толады.

Коду Магомедов ІІО қызмет жолын 1923 жылы шалғайдағы Шешенстанда бастаған. 30-шы жылдары ол қарақшылар қолынан қаза табады. Оның отбасы Қазақстанға жер аударылып, сол жерде балалары, немерелері мен шөберелері ержүрек аталарының жолын қуады. Бүгін де Магомедовтер полиция әулетінің төртінші ұрпағы қызмет етуде. Айта кететіні, 2014 жылы Магомедовтер әулеті «Мерейлі отбасы" республикалық байқауында бірінші орынды иеленді. 2-ші сурет

Соколов милициясы қалыптасу жолында қылмыстылықпен, заң бұзушылықпен және құқықтық тәртіппен барынша аянбай күресті, бейбіт тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз етті және еңбекші халықтың құқықтарын қорғады. Жұмыс қызметкерлерден жоғары қызметтік даярлықты және ержүректілікті талап етті.

1997 жылдың сәуірінде Соколов ауданы Бескөл ауданының құрамына кірді, кейін Қызылжар ауданы болып ауыстырылды. Соколов АІІБ поселкелік милиция бөлімшесі статусын алды, 1998 жылы поселкелік полиция бөлімшесі болды. Соколов поселкелік полиция бөлімінің алғашқы бастығы А.Н. Дроздецкий болды.

2015 жылы поселкелік полиция бөлімшесінің базасында цехтық ардагерлер ұйымы құрылды, бүгін де ұйым 22 ішкі істер органдары ардагерінің басын біріктіріп отыр.
Цехтық ардагерлер ұйымының төрағасы Александр Дроздецкийдің айтуынша, өмір қаншалықты өзгерсе де, Отанына, парызына деген адалдық, халқына және мемлекетіне қалтқысыз қызмет ету полицияның негізгі басымдықтары болып қала бермек. - «Біздің альманах осы туралы сыр шертеді және жас қызметкерлер үшін ғана емес, ортақ Отанымыз — Қазақстан Республикасының қызықты тарихына қызығушылық танытатын жандардың барлығына пайдалы болады деген сенімдеміз", — дейді ол.

#SQO_PD_сізбенбіргетарихсыршертеді #SQO_PD_свамиговоритистория #ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia