СҚО-да полицейлер банк клиенттеріне интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертуде

СҚО-да полицейлер банк клиенттеріне интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертуде

Полиция департаменті құрамындағы криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері екінші деңгейлі банктердің клиенттерімен жеке әңгімелесу жүргізіп, байланыссыз алаяқтықтың құрбаны болмаудың жолдары туралы жадынамалар мен бүктемелер таратуда. Кассаларға келген тұрғындар полицейлерден солтүстікқазақстандықтарға қатысты желілік алаяқтар жиі қолданатын қылмыстық сценарийлер туралы естіп білді.

Алдын алу жұмыстарына жедел уәкілдермен бірге банктердің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері белсенді қатысуда. Аляқтықтың алдын алу үшін күту залына көрнекі ақпарат орналастырылған. Стендтерге парақшалар ілініп, теледидардан профилактикалық бейнероликтер көрсетілуде.

Десе де, интернет-алаяқтардың әккі әрекеттерінен хабардар болған адамдардың өздері де қаскөйлерге алданып қалып жатады. Статистика көрсеткендей, қылмыстың бұл түрі күнара тіркелуде.

Жыл басынан СҚО-да интернет-алаяқтықтың 400-ден астам фактісі тіркелген. Көбінесе Петропавл тұрғындары алаяқтардың құрбаны болуда –мұндай 312 факті тіркелді. Зардап шеккендер – 40 пен 60 жас аралығындағы адамдар. Тіркелген алаяқтықтардың ішінде ең жиі кездесетіні: «банктен қоңырау шалу» әдісі арқылы алдау және интернет арқылы сатып алу кезінде алдын-ала төлемді талап ету.

«Өздерін полициядан немесе банктен екенін айтып хабарласатын адамдардан сақ болыңыздар, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин. – Асықпай, қобалжымай, дереу банкіңіздің call-орталығына және «102» нөміріне қоңырау шалыңыз. Ешбір жағдайда өз дербес деректеріңізді: ЖСН, карталарыңыздың нөмірлері мен кодтарын, парольдерді және басқа да ақпаратты ешкімге беруге немесе жіберуге болмайды. Барлық жағдайда тез арада полицияға хабарласу керек.»

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia