
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңнаманың бұзылуын болдырмау және адамдарды деструктивті діни ағымдардан қорғау бойынша профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.
Жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралар барысында Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері деструктивті діни ағымдардың бірінің ұстанушысының сот шешімін және атқарушылық құжатын орындамау фактісін анықтады.
Нәтижесінде 27 жастағы ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігі «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды; ол сотпен кінәлі деп танылды; ер адамға қатысты әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды.
Полицейлердің осы саладағы бұзушылықтарды ескерту және адамдарды деструктивті діни ағымдардың әсерінен қорғау жөніндегі күн сайынғы жұмысы жалғасуда.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia