Рөлге масаң күйде отырған мотоцикл жүргізушісі 15 тәулікке қамауға алынды

Рөлге масаң күйде отырған мотоцикл жүргізушісі 15 тәулікке қамауға алынды

Күн жылысымен Петропавл қаласының көшелерінде мотоцикл мен скутерлер ағыла бастады. Өткен жылдардағы фактілер бұл көлік түрлерінің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының жиі орын алып тұратынын көрсетті. Осыған орай, аталған көлік құралдары көктем-жаз маусымында полиция қызметкерлерінің ерекше профилактикалық бақылауында болады.

Соңғы екі күнде Петропавлда екі доңғалақты көлікті масаң күйде басқарған екі жүргізуші ұсталды. Гашек-Уәлиханов көшелерінің қиылысында түн жарымында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері масаң күйде мотоциклдің рөліне отырған 36 жастағы ер адамды ұстады. Куәландыру оның ауыр дәрежедегі алкогольдік масаң күйде екендігін көрсетті. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚтК 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен қалалық 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылды.

Скутер рөліне масаң күйде отырған тағы бір қала тұрғыны күндіз ұсталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 44 жасар қала тұрғыны көлік құралын тоқтату туралы полицейлердің заңды талаптарын елемей, бағдаршамның тыйым салынған түсіне жүріп өткен. Куәландыру актісіне сәйкес ол масаң күйде болған. Бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, сондай-ақ төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін материал жиналуда.

«Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау – барлық көлік құралдары жүргізушілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мотоцикл жүргізушілері ерекше бақылауда. Автокөлік жүргізушілерін де жолда сақ болуға шақырамыз, олар екі доңғалақты көліктің жүргізушілері де жол қозғалысы қатысушылары екендігін ұмытпауы тиіс», - деп атап өтті патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Қанат Әлімжанов.

Ағымдағы жыл басынан Петропавл қ. жолдарында жол қозғалысы ережелерінің 6 мыңнан астам бұзушылығы анықталды.

СҚО ПД баспасөз қызметі